Мазмұнға өту
Ирек

Неге жұмыс істейді?

Әр тетіктің астында белгілі зерттеу тұр. Диктанттар — мектеп нормасымен, ересектер бөлімі — Тіл комитетінің лексика-грамматикалық минимумымен.

  1. 01

    Іргелес даму өрісі

    Л. Выготский

    Оқыту баланың өзі істей алатыны мен көмекпен істей алатынының арасында жүруі керек.

    Иректе: Деңгей бір-ақ қадам жоғары болады: қатарынан үш жұмысты жақсы жазса — келесі деңгей ашылады, ауырласа — үнсіз төмендейді.

  2. 02

    Көмекті біртіндеп алу

    Дж. Брунер, scaffolding

    Көмек уақытша болуы керек; алынбаса, бала соған тәуелді болып қалады.

    Иректе: Мәтін алдымен бөлікпен, сосын сөйлеммен, ең соңында тұтас оқылады. Ереже де бірден берілмейді: алдымен бала өзі іздейді.

  3. 03

    Оқу табыстылығы

    Б. Розеншайн

    Жаттығуда дұрыс орындау үлесі шамамен 80% болғанда үйрену ең жақсы жүреді.

    Иректе: Тапсырма сол жолаққа қарай таңдалады: тым оңай да, тым қиын да берілмейді.

  4. 04

    Еске түсіре жаттығу

    retrieval practice

    Көшіріп жазудан гөрі есте сақтап жазу әлдеқайда берік.

    Иректе: Диктант пен мазмұндаманың өзі — таза осы: мәтін көз алдында тұрмайды.

  5. 05

    Аралық қайталау

    Лейтнер жүйесі

    Меңгерілген нәрсе азаятын жиілікпен қайталанбаса ұмытылады.

    Иректе: Баланың өз қатесі 1, 2, 4, 8 күннен кейін ойында қайта шығады. Бес рет дұрыс тапса — үйренілді деп саналады.

  6. 06

    Метатаным

    Дж. Флейвелл

    Өз білімін дұрыс бағалай алатын адам тезірек үйренеді.

    Иректе: Тексермес бұрын «нешеуін дұрыс жаздым деп ойлайсың?» деп сұралады да, болжам нәтижемен салыстырылады.

  7. 07

    Бейімді оқыту

    адаптивті оқыту

    Әркім өз деңгейінен, өз қарқынымен үйренеді: тапсырма оқушының нәтижесіне қарай таңдалады.

    Иректе: Әр жұмыстың нәтижесі есте сақталады. Келесі мәтін, деңгей және жаттығатын қате соған қарай таңдалады — екі бала бір жолмен жүрмейді.

  8. 08

    Ойын әдісі

    геймификация

    Ұпай, марапат, қатарынан жаттыққан күндер ынтаны арттырып, жаттығуды күнделікті әдетке айналдырады.

    Иректе: Жұлдыз, белгіше, қатарынан жазған күндер, баланың өз қатесінен құрылған «Дұрысын тап» пен «Үтірді қой» ойындары. Балалар бір-бірімен салыстырылмайды.

Диктант жазып көру